Елордалық балабақшаларда Наурыз ерекше аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық балабақшаларда Наурыз ерекше аталып өтті

24.03.2016
Елордалық балабақшаларда Наурыз ерекше аталып өтті
Ұлық мереке Наурызды астаналық бүлдіршіндер де тамаша көңіл-күймен қарсы алды. Ұлттық киім киген балабақша тәрбиеленушілері ән салып, би билеп, ата-аналарын қуантты.

Үлкендер немерелеріне Наурыз көженің мән-мағынасын түсіндірді. Ақ дастархан басына жиналған балдырғандар ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, құрт, айран, шұбаттан дәм татты.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу