Қазақстан – Дания ойынына Майкл Оливер төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Дания ойынына Майкл Оливер төрелік етеді

13.10.2023

Қазақстан – Дания матчында ағылшын төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Атап айтсақ бас төреші – Майкл Оливер, оған Стюарт Бэрт пен Ли Беттс көмекші болады. Төртінші төреші – Эндрю Медли. Футболдан 2024 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу сатысындағы бұл матч – осы сенбіден жексенбіге қараған түні елорда уақытымен 00:35 те өтеді. Ойынды «Қазақстан» және «Қазспорт» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу