Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарын аяқтады

13.10.2023

Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады. Жойқын жер сілкісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін 45 төтенше жағдай қызметкері аттанған еді.

Олар 3 күнде 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. 211 баспананың үйіндісін бөлшектеді. Наиброфи елдімекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесіне бақылау жүргізді. Жергілікті биліктің өтінішімен қатты дауылдан шатырсыз қалған баспаналарды тексерді.

Сондай-ақ, зілзаладан қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты. Құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған жедел топтың елге оралуы 14 қазан, яғни ертеңге жоспарланған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу