ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Қырғызстанда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Қырғызстанда бас қосты

13.10.2023

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Бішкекте бас қосты. Биыл Қырғызстан саммитке төрағалық етіп отыр. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы барды. Оны «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Жалпы биыл сегіз елдің Президенті жиналды. Олар Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және саммитке төрағалық етіп отырған Қырғызстан. Отырыста аймақаралық түйткілді мәселелер қаралады және бірақтар маңызды құжатқа қол қойылады деген жоспар бар. Айта кетейік, қырғыз тарапы қауіпсіздікке баса мән берген. Арнайы саммит үшін ішкі істер құрылымының төрт мыңнан аса қызметкері тартылған.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу