7 туроператор заңнама талаптарын орындамаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 туроператор заңнама талаптарын орындамаған

12.10.2023

7 туроператордың қызметі уақытша тоқтатылды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша олар заңнама талаптарын орындамаған. «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Туризм индустриясы комитеті Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп, экрандағы компаниялардың қызметіне уақытша тыйым салды. Туроператорлар Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттерге туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады. Алайда олар «туристік қызмет туралы» Заңының көзделген міндеттемелерін орындамаған. Егер, турагенттіктер 6 айдың ішінде анықталған заңбұзушылықтарды жоймаса, уақытша тыйым мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады», - делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу