Телерадио ардагері Молдабек Сағымбек дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телерадио ардагері Молдабек Сағымбек дүниеден озды

09.10.2023

Қазақ телевизиясында қаралы күн. Бүгін 68 жасқа қараған шағында ардагер журналист Молдабек Сағымбек өмірден өтті. Ғұмырының 33 жылын радио мен телевизияға арнаған майталман маман «Қазақстан» телеарнасында бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Атап айтқанда, Qazaqstan Ұлттық телеарнасында шығармашылық бірлестіктер бас редакторы, «Алтын қор» бөлімінің редакторы, жетекшісі, Қазақ радиосының редакторы болды. Микрофон алдында авторлық хабар жүргізіп, радиода даусы таспаланған ардагер әріптесіміздің отбасы мен жақындарына телеарна ұжымы көңіл айтады. Марқұмды жерлеу рәсімі ертең таңертең сағат 10-да өзінің туған жері Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылына өтеді.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу