Ақмола облысында шаруалар жанар-жағармайсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында шаруалар жанар-жағармайсыз қалған

09.10.2023

Ақмола облысында шаруалар күзгі егін орағына қажетті жеңілдетілген жанар-жағармайсыз қалған. Оған теміржолдағы ақау себеп болған. Яғни, дизель отыны тиілген вагондар рельстен екі рет шығып кетіп, жеткізуші оператор жүкті тамыз айынан бері ала алмай келген. Бұл заңбұзушылықты Жарқайың аудандық прокуратурасы тексеріс барысында анықтады. Олардың мәліметінше, биыл «Державинская» станциясына он тоғыз вагонмен тоғыз мың тонна дизель отыны жіберілген. Алайда, ол уақытылы жеткізілмей 140 шаруа орақ науқаны кезінде арзан отыннан қағылды.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Аудан прокуратурасы уәкілетті органның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Оны қарау нәтижелері бойынша темір жол жөнделді және бизнесмендер өздеріне тиесілі арзандатылған отынды алды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу