Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылының кітапханасына 7 мың кітап сыйға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылының кітапханасына 7 мың кітап сыйға тартылды

10.03.2016
Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылының кітапханасына 7 мың кітап сыйға тартылды
Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылының кітапханасына «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде 7 мың кітап сыйға тартылды.

Мұндай тартуды Еуразия экономикалық қауымдастығының бас хатшысы Тайыр Мансұров жасаған. Арнайы жіберілген құнды сыйды зиялы қауым өкілдері табыстады.

Ауылдағы кітапханаға белгілі ғалым Ерлан Сыдықов та 1000-нан астам кітабын тарту етті. Қарауыл кітапханасы - кезінде Мұхтар Әуезовтің ұйытқы болуымен ашылған тарихи мекеме.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу