Елімізде онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту басталады

06.10.2023

Елімізде онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту басталады. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды. Оның аясында ерте диагностиканы жақсартуға, мүгедектікті азайтуға және онкологиялық науқастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жүйелі жұмыстар атқарылмақ. Жоспарды іске асыру нәтижесінде қатерлі ісіктің асқынып кеткен жағдайларының үлесі 10 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Науқастарды сәулелік емдеумен қамтудың көрсеткіші 53 пайызға жетеді. Жалпы, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудың 4 пайызға өсуі байқалады. Бүгінде 205 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу