Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаяды

05.10.2023

Алдағы жеті жылда Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасында көрсетілген. Қазақстан Түркіменстан мен Иран арқылы жүк тасымалдауды көбейткен. Салдарынан бұл елдерге қатынайтын жолдардың тар екені анықталып, бүгінде басқа көлік дәліздерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, былтыр күзде Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен транизиттік әлеуетті бірге дамытуға келісті. Құрық портын толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптастыру міндеті де қойылған. Қазір оның кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Ал Ақтау теңіз портында Каспий «контейнерлік хабының» құрылысы басталған. Бұдан бөлек, былтыр Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Бұл транзиттің 5 есеге дейін ұлғайып, Қытай мен Еуропа арасындағы тасымалдау көлемі артуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ еліміздің Өзбекстан мен Қытайдың шекарасында теміржол желісін салу жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу