Президент білім беру саласын дамытудың 7 бағытын айқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент білім беру саласын дамытудың 7 бағытын айқындады

05.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамытудың жеті негізгі бағытын айқындап берді. Алғашқысы ұстаздардың біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, балалардың заманға сай озық білім алуын қамтамасыз ету. Мектептегі орын тапшылығын жою және білім ошақтарындағы қауіпсіздік. Қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру, саланы цифрландыру және соңғысы озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру. Президент қазір қызу талқыланып жатқан бірқатар проблемаларға да тоқталды. Және мерекеге орай бірнеше ұстазға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалін табыстады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу