Қазақстан мен Того арасында байланыс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Того арасында байланыс артады

03.10.2023

Қазақстан мен Того арасында байланыс артады. Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті.

Лидерлер екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтті.

Тараптар сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.


Хабарламаларға жазылу