Шри-Ланкамен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкамен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін

29.09.2023

Мемлекет басшысы Berlin Global Dialogue форумы аясында Шри-Ланка Президентімен келіссөз жүргізді. Онда виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу мәселесі қаралды. Президент Қасым Жомарт Тоқаев сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар бірқатар компания басшыларымен кездесті.  

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу