Алматыда «Кітап-Amanat» жобасы бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Кітап-Amanat» жобасы бастау алды

25.09.2023

«AMANAT» партиясы «Кітап-amanat» жобасын бастады. Енді «Кітап-amanat» дүкендерінде отандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары өтеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуді көздейді. Шарада партия мен мен баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ендігі құжат аясында баспаханалар дүкендерді қолжетімді бағадағы тиісті кітап қорымен қамтамасыз етеді. Оның арасында тек отандық әдеби туындылар ғана емес, сонымен қатар әлемдік бестселлерлер де болады.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Бүгінгі біздің бастап жатқан ісіміз - ол сіздермен ортақ іс. Мұны бастау қайдан келді. Президентіміз айтты құрылтайда сөз сөйлегенде кітап саласын дамыту мәселесі бойынша мәселелерді қозғады. Біз Президенттің бастамасын алғашқылардың бірі болып қолға алдық.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу