Қазақстандық спортшылар Азия ойындарына аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарына аттанды

19.09.2023

Үкілеп үміт артқан спортшыларымызды ел міне, өздеріңіз көргендей салтанатты түрде Азия ойындарына шығарып салды.

Шараға Туризм және спорт министрі, спорт ардагерлері, көк туымызды халықаралық ареналарда желбіреткен атлеттер қатысып, спортшыларымызға сәттілік тіледі. Дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Халықаралық жарысқа 45 елден 15 мың атлет қатысады деп жоспарланған. 19-шы рет өткелі отырған Азиадада 481 медаль сарапқа салынады. Ел намысын қорғайтын азаматтарымыз спорттың 30 түрінен сынға түседі. Биылғы жарыстың ерекшелігі Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады. Спортшыларымыз да сақадай сай екендерін айтады.

Әбиба Абужақынова, дзюдошы, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Көрші мемлекеттерге барып оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Арнайы осы Азия ойындарына өзімізде де тыңғылықты дайындалдық. Алдыңғы жылы әлем чемпионаты болды өзімізде, Астанада. Сол жерде Азия чемпионатында күрестік. Бір жыл уақытымыз болды дайындалуға. Тағы күш-жігерімізді жинап, бір жыл дайындалып келдік. Бұйыртса, жүлдемен қуантамыз деп уәде бере аламыз. 

Хабарламаларға жазылу