АҚШ Иранның 6 миллиард доллар қаржысын қайтарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Иранның 6 миллиард доллар қаржысын қайтарады

18.09.2023

АҚШ Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған 6 миллиард долларын санкциядан босатып, қайтаратын болды. Ол қаражат Ислам Республикасының есепшотына бүгін аударылуы керек. Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нассер Канани бірер сағат бұрын мәлімдеді.

Миллиардтар босатылғаннан кейін Американың Иран түрмелерінде отырған бес азаматы АҚШ-та тұтқындалған бес ирандыққа айырбасталады. Айта кетсек, осы келісім жөніндегі келіссөздер Катарда өтіп, ол бірнеше айға созылған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу