Жетісу облысында мәдениет күндерін атап өту дәстүрі қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мәдениет күндерін атап өту дәстүрі қайта жанданды

18.09.2023

Жетісу облысында аудан, қалалардың мәдениет күндерін атап өту дәстүрі қайта жанданды. Әуелде облыс орталығында ғана өтетін шараны ауылды жерлерде ұйымдастыру үрдіске айналған. Балпық би ауылындағы мерекелік шара Бикен Римованың 100 жылдығы, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығы, Темірбек Жүргеновтың 125, Ақын Сара Тастанбекқызының 175 жылдық мерейтойларына арналды. Мәдениет пен әдебиет майталмандарының еңбек жолы мен өмірбаяны насихатталып, қолданған заттары көрмеге қойылды. Мұнан бөлек қолөнер шеберлерінің бұйымдары қалың жұртқа паш етіліп, ауыл өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Ауыл ұлт руханиятының тал бесігі екенін еске салған мәдениет күндері облыстың барлық ауданында апта сайын өтіп тұратын болады.

Мықтыбек Рахымбек, Көксу ауданының құрметті азаматы:

Мына жастарға өнеге. Міне, қанша адам келіп жатыр. Мына тіккен қазақ үйлердің бәрінде қазағымның әдет-ғұрып, салт-дәстүрін көрсетіп жатыр. Рахмет!


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу