Интернет іздеген мұғалімдер: Түркістан облысының мұғалімдері күнделікті енді қағазға толтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет іздеген мұғалімдер: Түркістан облысының мұғалімдері күнделікті енді қағазға толтырады

16.09.2023

Ұлттық арна тілшілері көтерген мәселеден соң Түркістан облысы Аққұм ауылының мұғалімдері интернет іздеп, көрші ауылға сабылмайтын болды. Өңірдегі білім сапасын бақылау департаментінің ұйғарымымен ұстаздар электронды форматта рәсімделетін құжаттарын енді қағазға толтырады. Мұндай өзгеріс мектепке жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылғанға дейін күшінде болады. Сондай-ақ департамент тарапынан осы мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін мектеп директорына сөгіс берілді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу