Еңбек адамы: Бақытымды еңбектен таптым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек адамы: Бақытымды еңбектен таптым

15.09.2023

Семейлік Арқалық Мұқташ 28 жылдан бері жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеп келеді. Еңбегін бақыттан тапқан жан өз ісінің шебері. Кәсібіне берілген маман табан аудармай бір ұжымда ғана еңбек еткен. Әріптестері оны ең білікті де шебер маман ретінде бағалайды. Еңбек тәжірибесінде түрлі күрделі шақыртуларға барып, талай адамның өмірін ажалдан арашалаған. Арқалық Мұқташтың жұбайы мен қызы да медицина саласында қызмет етеді. Еңбек адамы «кәсіпке адалдық» өзінің өмірлік ұстанымы екендігін айтады.

Арқалық Мұқташ, Жедел жәрдем фельдшері: 

Еңбектен бақытымды таптым. Мен енді сол келген кезде 20 жаста келгенмін. Жалпы шыдамды болу керек қой. Не нәрсе болсын, қандай жұмыс болса да өзінің қиындығы болады ғой. Сондықтан оның барлығына шыдау керек. Оны меңгеру керек. Білу керек.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу