Азия ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан алтыншы орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан алтыншы орында тұр

14.09.2023

Азиадаға аз қалды. Қазақстан құрамасы жалпы жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. 557 медаль жеңіп алған. Оның 155-і алтын, 158-і күміс, 244-і қола. Төрт жыл сайын болатын байрақты бәсекеде ең көп медальді спортшыларымыз 2006 жылы Қатарда иеленген, яғни 85 жүлде. Ұлттық құрама командалық қорытынды кестеде әр жылдары төртінші, бесінші орынға ие болған. 2018 жылы Индонезиядағы жарыста тоғызыншы сатыға жайғасты. Ал Азия ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан алтыншы орында тұр. Бірінші сатыда – Қытай, одан кейін – Жапония. Үздік үштікті – Оңтүстік Корея түйіндейді. 

Хабарламаларға жазылу