Алматыда заңсыз әрі сапасыз құрылыс тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз әрі сапасыз құрылыс тыйылмай тұр

13.09.2023

Алматыда заңсыз әрі сапасыз құрылыс тыйылмай тұр. Жыл басынан бері мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.

Құрылысты ешқандай рұқсатсыз салатын компаниялар таулы жерлереге де түрлі нысандары салып бастаған. Алматы әкімдігі әзірге 52 жағдайды анықтадық деп есеп берді. Ғимараттар осылай біртіндеп сүріліп жатыр. Ал 47 мердігер ұйымға сапасыз құрылыс үшін 35 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынған. Ал тапқанын баспана алуға салған мыңдаған үлскердің мәселесін құрылыс басқармасы құзырлы органдарға тапсырдық деп отыр.

Олжас Төлебаев, Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

2022 жылдың басынан бастап 19 нысан сүрілді. Оның ішінде тұрғын үй кешендері де бар. 3-4 факті бар, үлескерлердің наразылығы бар жерлер, 3 тұрғын үй кешені бойынша біз өз тарапымыздан барлық шараны қолданып, құрылысты тоқтатып, ішкі істер департаментіне хат жолдағанбыз.


Хабарламаларға жазылу