Жолдау Қазақстанға құйылатын қаржыны еселейді – шетелдік БАҚ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау Қазақстанға құйылатын қаржыны еселейді – шетелдік БАҚ

12.09.2023

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы барлық салада өзін-өзі қамтуды ғана емес, әлемдік экономикалық тенденциямен үзеңгілесе аяқ алуды қамтамасыз етеді. Еуропалық Modern diplomacy баспасы жолдаудағы басымдықтарды зерттей келе осындай қорытынды шығарды.

Құжатта металл, мұнай-газ, көлік құрастыру салалрында терең өңдеуді дамыту, қағазбастылықтан арылып, мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және салықтық реформа жүргізу көзделген. Жаңартылған энергия көздерін дамыту, елдің транзиттік әлеуетін арттырып, ІТ саланы дамыту, және ең негізгісі 2029 жылға дейін тұрақты экономикалық өсімді 6-7 пайызға дейін жеткізу жоспары көрсетілген. Бұл бастамалардың барлығы шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттырады және Қазақстанға құйылатын қаржыны еселейді, деп жазды.

Хабарламаларға жазылу