Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді

10.09.2023

Эфирімізді қуанышты жаңалықпен бастаймыз. Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді. Жаңа ғана аяқталған ойында біздің жігіттер - есебімен ұтты. Осылайша, Еуропа біріншілігіне іріктеу аясында өз тобында тұңғыш рет 12 ұпай жинап, онлайн кестеде 2-орынға шықты. Бұл тарихи рекорд. Ұпайымыз одан да көбеюі мүмкін. Өйткені, алда әлі 4 ойын бар. Бүгінгі «Астана Аренадағы» маңызды ойынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барып, футболшыларға қолдау көрсетті. Ал, біз 27-ші минутта салынған Максим Самородовтың жеңіс голын бір көріп алсақ.

Хабарламаларға жазылу