Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады

06.09.2023

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады. Президентке қор құрылған уақыттан бері қайырымдылық жасаудың тұрақты моделін ұлттық ауқымда қалыптастырғаны туралы мәлімет берілді. Болат Жәмішевтің айтуынша, қор азаматтарымыздың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі мәселелерін шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңге болатын 40-тан астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаны қаржыландырады.  

Хабарламаларға жазылу