Үкімет құрамы толық жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет құрамы толық жасақталды

05.09.2023

Үкімет толық жасақталды. Қазір еліміздегі министрліктердің саны 21. Премьер-министр – Әлихан Смайылов. Оның бірінші орынбасары Роман Скляр, орынбасары және үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және премьердің орынбасары Серік Жұманғарин сондай-ақ Қаржы министрі әрі орынбасары Ерұлан Жамаубаев, сыртқы істер министрі әрі орынбасары Мұрат Нұртілеу өз қызметтерінде қалды. Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұдан бөлек 9 министрлікке жаңа басшы келді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев болды. Көлік министрлігін Марат Қарабаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Светлана Жақыпова, Туризм және спорт министрлігін Ермек Маржықпаев басқарады. Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі қызметіне Нұржан Нұржігітов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қанат Шарлапаев, Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Ерлан Нысанбаев тағайындалды. Өзге министрлер өз қызметінде қалды. 

Хабарламаларға жазылу