Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді

04.09.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды.

Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін атап өтті. Бас банктің алдында Жолдауда көрсетілген негізгі міндеттердің бірі бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелендірудің шешімін табу міндеті тұр. Сонымен қатар, үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.


Хабарламаларға жазылу