Президент отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғауды міндеттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғауды міндеттеді

02.09.2023

Экономикалық серпіліс жасауға толық мүмкіндік бар. Ол үшін біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Былтырдың өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. 28 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал сыртқы сауда-саттық 136 миллиард долларға жетті. Президент бұл қарқынды бәсеңдетпей, енді отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғауды міндеттеді.

Былтырғы жылы рекорд жасалды деп, отыр ғой. Тартылды. Яғни біздің бұл көрсеткіш еліміздің шет ел инвестицияларға біздің экономикалық жағдай қолайлы болып тұрған деген сөз. Президентіміз атап өткен экономикалық кез келген реформаны жүзеге асырғанда біз әділдік инкльюзивтік және үнемшілдік принцпіне негізделу керекпіз.

Президентіміз нақты тапсырма берді. Осы үш жылдың ішінде өнімділікті жоғарлату керек. Бұл жай ғана қағазда қалдып қоймау керек.Мұны жүзеге асыру керек. Оған бәріміз бірелесе отырып үлемісізді қосу керекпіз.

Қазіргі таңда күнкөріс минимумы, азық-түлік себеті жоғарылаған соң минималды еңбекақының өскені өте орынды. Себебі, біздің әрбір кәсіпорын соған қарап жұмысшыларына еңбекақы төлейді. Жан басына шаққандағы табысына әсерін тигізеді.


Хабарламаларға жазылу