Жолдауды тындауға алғаш рет қарапайым еңбек адамдары қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауды тындауға алғаш рет қарапайым еңбек адамдары қатысты

01.09.2023

Бұл жолғы жолдау экономикалық жаңғырту және қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған. Президент Жолдауын Парламент қабырғасында тындауға алғаш рет қарапайым еңбек адамдары да қатысты. Арасында кәсіпкер, құтқарушы, диқан, аграном мұғалім мен дәрігер де бар.

Қазақстанның әр өңірінен келген еңбек адамдары қос палатаның бірлескен отырысына бірнеше сағат бұрын жинала бастады. Танысып, білісіп, жарияланатын жолдауда қамтылуы мүмкін мәселелерге өз болжамдарын жасап жатыр. Әрқайсысы өз саласына қатысты өзгерісті тағатсыздана күтеді. Барлығы болашаққа бағдар қоятын маңызды құжаттың таныстырылымына алғаш рет қатысқалы тұр.

Боранбай Жанбаулов, құрылысшы:

Үлкен жер, үлкен кісілерді көру, ол кісіні тыңдау ол әр адамның сондай несіне келе бермейді. Кеше киім дайындап, үтіктеп, таңертең папа, жолыңыз болсын деп шығарып салды.

Бауыржан Әлтеев жиынға Шымкенттен арнайы шақыртылған. 32 жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Зейнетке шыққалы қоғамдық шаруаларға белсене араласып жүр.

Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы:

Көп өзгерістер болып жатыр. Ол елдегі елеулі өзгерістер. Мына халыққа бет бұру өзгерістері болып жатыр. Соның бірі мына жолдауға қарапайым халық, еңбек адамдары, мемлекеттік емес ұйымдардың бәрін шақырып жатыр. Яғни, біз етене араласып, жолдауды тікелей тыңдап, өз әсерімізді аламыз деп ойлаймын.

Отырыстан шыққан соң қоғам белсендісімен тағы сұхбаттастық. Айтуынша жарияланған жолдау көптен көтеріліп, шешімін таппай жүрген мәселелерді қамтыған.

Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы:

Қазақстан Республикасы кәсподақтар федерациясы көптен көтеріп отырған мәселесі ауыр жағдайда жұмыс істейтіндердің зейнетақы жасын қысқарту. Оларға жеңілдік беру ендігі мәселе. Керемет айтылды. 55 жастан бастап оларға әлеуметтік төлем төленеді. Бұл тұңғыш рет бізде болып отыр. Бұл бұрынғы совет дәуіріндегі елдердің ішінде жалғыз Қазақстанда болып отыр. Одан кейін зейнет жасын төмендету керек.

Ал Ардақ Хасенов агроном. Бірнеше жылдан бері Елорданы жасылдандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақ жері ағаш, жеміс жидек өсіруге де, мал бағуға да өте қолайлы. Яғни, агро саланы қарыштатып дамытуға болады. Жиын басталмас бұрын осы салаға серіп беретін пәрмен болса деген өзінің және әріптестерінің тілегін айтты.

Ардақ Хасенов, агроном:

Ал Қазақстандағы ауыл шаруашылығы үшін ең негізгі проблема су тапшылығы. Бұл мәселе жаңа министрлік құрылып, жаңа жобалар аясында шешілетінін естіген агроном, орман шаруашылығы жақсаратынына сенімді.
Судың да сұрауы бар дейді қазақ. Су болса тіршіліктің барлық көзі болады. Мысалы біздің орман шаруашылығына байланысты қарастырсақ. Орман ағаштары жақсы өмір сүру үшін топырақта ылғалдың проценті 70 пайызға дейін болуы керек. Егер 70 пайыздан жоғары болса шіру процессі басталады. Ал 35 пайыздан төмендеп кетсе онда кеуіп кету қаупі нүктесінен өтеді.

Бұл бірнешге мысал ғана. Бұл жолдауда экономикалық, әлеуметтік мәселделерді шешу үшін барлық сала қамтылған. Енді жүктелген міндеттерді мүлтіксыз орындау қалды


Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу