Мемлекет басшысының Жолдауына елшілік өкілдері пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Жолдауына елшілік өкілдері пікір білдірді

01.09.2023

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты еліміздегі елшілік өкілдері де пікір білдірді. Дипломаттар ел президентінің көтерген мәселелерін тыңдау үшін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына арнайы жиналды. Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Айтуларынша Қазақстан қарқынды дамып келеді. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процесті үдету үшін маңызды мәселелерге ден қойып отыр. Әсіресе білім саласындағы түйіткілдердің шешімін табу, кәсіпкерлік пен агробизнесті дамыту басты назарда болуы тиіс дейді.

Монтасер Әбу Зейд, Палестинаның Қазақстандағы елшісі:

перевод: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның ел экономикасы туралы айтқанын ерекше атап өткім келеді. Қазақстан – бай мемлекет. Болашағы жарқын екеніне күмәнім жоқ. Байқағаным, шетелдік инвесторлардың басым бөлігі осы елді таңдайды. Себебі барлық салада алға жылжу, даму бар.

Эдвин Ябо Глусман, Израильдің Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі:

Президент мырза бүгін көп мәселелер көтерді. Соның бірі су проблемасы. Расында да, бұл ресурс мұнай мен металлдан да, бәрінен қымбат. Қазір күллі әлемді алаңдатып отырған түйіткілдің бірі. Сондықтан Мемлекет басшысының айтқан сөздерін толық қолдаймын.


Хабарламаларға жазылу