Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім күнімен құттықтады

01.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

«Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Хабарламаларға жазылу