Өскеменде шешен-ингуш биін үйрететін шағын үйірме 30 жылға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде шешен-ингуш биін үйрететін шағын үйірме 30 жылға толды

31.08.2023

Өскемендегі «Вайнах» хореографиялық би ансаблінің құрылғанына биыл 30 жыл. Бастапқыда ол шешен-ингуш биін үйрететін шағын үйірме ретінде жұмыс істесе, қазір еліміздегі ірі ансамбльдердің қатарында.

«Вайнах» би ансамблі негізінен шешен-ингуш халқының ән-биін насихаттайды. Алғаш ансамбль құрылғанда бес-ақ адам еңбек етсе бүгінде, түрлі этнос өкілінен құралған сексенге жуық биші бар.

Владислав Каламаков қазір техникалық коллежде автомеханик мамандығын оқып жатыр. Бірақ 5 жасынан бастап өнерге жақын. Бүгінде ансамбль құрамында барбанда ойнап, лезгинканың түр-түрін билейді.

Владислав Калмаков, биші:

Биден адам қуат алады. Көрерменге де берер әсері жақсы. Балабақшада жүргенде-ақ биледім. Кейін жарақат алып біраз жыл қол үзуге тура келді. Бес жыл бұрын қайта бастадым. Қазір лезгинка билейтін жігіттер тобына жетекшілік етемін.
Луиза Мусаева, биші:

Лезгинка бұл менің өз ұлтымның биі. Бастапқыда оны үйрену қиын болды. Бірақ әкем бұл биді өте жақсы билейді. Алғашқы қимылдарды әкем үйретті. Қазір тек кавказ ғана емес, қазақ, орыс халқының да биін билейміз.

Ансамбль құрылғаннан бері 5 буын алмасқан. Отыз жылда түрлі байқау мен фестивальде тек жүлдемен оралып жүр. Сөреде самсап тұрған кубоктар мен медальдар соның дәлелі.

Равиль Юнусов, хореографиялық ансамбльдің көркемдік жетекшісі:

Соңғы жылдары тек шешен-ингуш қана емес басқа халықтың да ұлттық билерін репертуарымызға қосып жатырмыз. Биыл қазақтың бірнеше биін үйрендік. Жылдың соңына қарай ансамбль кең көлемде есептік концерт береміз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу