Келесі жылы республикалық бюджет тапшылығы 4 триллион теңгеге жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы республикалық бюджет тапшылығы 4 триллион теңгеге жетуі мүмкін

29.08.2023

Келесі жылы республикалық бюджет тапшылығы 4 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Жетіспеушілікті жою үшін Ұлттық қордан қосымша қаржы алу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте айтылды. Онда 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша егер мұнайдың орташа бағасы барреліне 80 доллар болса, экономика жыл сайын 6 пайыздай өсім көрсетпек.

Инфляция келесі жылы 6-8 пайыз шамасында болып, 2028 жылға дейін 5 процентке дейін төмендейді деген болжам бар. Үкімет басшысы бюджет қаражатын барынша тиімді пайдаланып, бизнесті қолдауға, өңдеу өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты тапсырма берді.


Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу