Семейде «Абай» өнер мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Абай» өнер мектебі ашылды

20.01.2016
Семейде «Абай» өнер мектебі ашылды
Өнерге ден қоямын дегендердің жас ерекшелігіне де ешқандай шектеу жоқ.

Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұражайында «Абай» өнер мектебі ашылды.

Ұлы ақынның кезінде өзі оқыған Ахмет Риза мешіт-медресесінің жанынан жұмысын бастаған мектепте «сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиелеу мақсат етілген,-дейді мамандар.

Онда ақындық, мәнерлеп оқу, көркемсурет, тоғызқұмалақ пен қолөнер үйірмелеріне қатысуға болады. Өнерге ден қоямын дегендердің жас ерекшелігіне де ешқандай шектеу жоқ.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу