Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

25.08.2023

Соңғы уақытта базалық мөлшерлемені өзгеріссіз ұстаған Ұлттық банк ставканы төмендетті. Яғни, ол 16,75 проценттен 16 жарым пайызға түсті. «Бұл соншалықты үлкен өзгеріс емес, десе де базалық ставканың өспей, керсінше төмендегені халық үшін жақсы», - дейді мамандар. Ал Ұлттық Банктің мұндай шешім қабылдаудағы мақсаты – қазақстандықтардың күнделікті тапқан табысы мен жинаған қаржысын құнсызданудан қорғау.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Біздің бүгінгі қабылданған шешіміміз, қазіргі таңдағы инфляцияның динамикасына, біздің болжамдарға сәйкес. Алайда бұл жаңағы тұрақты базалық мөлшерлемені төмендететін цикл басталды деп айту әлі ертерек.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу