«Жайлы мектеп» жобасы аясында 369 мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 369 мектеп салынады

24.08.2023

Алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 740 мың орынға арналған, 369 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. 205-і қалаларда, 164 нысан ауылды елдімекендерде салынады. Осылайша 2024 жылға дейін 217 мектеп, 2025 жылы 152 білім ордасы пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бұл жобаға бюджеттен 2,4 трлн тг бөлінген. Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеп, жүзеге асыруды тапсырған еді. Бұл шешім елдегі апатты мектептерді жойып, үш ауысымда оқытуды тоқтатуға бағытталып отыр. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу