Ұлттық арнадан «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының екінші маусымы көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының екінші маусымы көрсетіледі

23.08.2023

«Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының екінші маусымы да көрсетіледі. Жоба 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар ауылынан басталып, 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады.

Шабандоздар Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1 мың 300 шақырымды жүріп өтуі тиіс. Белгіленген қашықтықты аз уақытта жүріп өткен команда жеңімпаз атанады. Жобаның жүлде қоры - 65 миллион теңге. «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының салтанатты ашылу рәсімі 5 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында ұйымдастырылады.

Жалпы, «Qazaqstan» ұлттық арнасы алдағы жаңа маусымын ұлттық жобаларға арнайды. Қыркүйек айынан бастап, қазақтың көнерген сөздерін жаңғыртуға арналған «Алтын қақпа» телевикторинасы, ұлттық садақ ату спортын насихаттауға бағытталған «Мергендер мекені» реалити жобасы, қазақтың жыршылық өнерін қайта жаңғырту мақсатындағы «Жыр-аманат» бағдарламасы, ұлттық тағамдарды дәріптейтін «Дала дәмі» жобалары эфирге шығады.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу