Өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 11,4 миллиард теңге көлемінде несие берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 11,4 миллиард теңге көлемінде несие берілді

23.08.2023

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жеңілдікпен несие алып, кәсібін ашып жатқан жастардың қатары артып келеді. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстың бірі. Биыл 10-тамызға дейін 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, оның ішінде 3 мың 344 жоба мақұлданған. 2 мың 577 жобаны іске асыруға 11,4 миллиард теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде. Несие алушылардың басым көпшілігі – мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Еске сала кетейік, несие 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі. Сома көлемі 5 миллион теңгеге дейін. Номиналды сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу