Жамбыл облысында диқаншылардың кеткен шығыны түгелдей өтеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында диқаншылардың кеткен шығыны түгелдей өтеледі

23.08.2023

Осы Жамбыл облысында құрғақшылық пен су тапшылығынан зардап шеккен осы 350 шаруашылыққа қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың дала жұмыстарына кеткен шығындары түгелдей өтеледі. Субсидияларын тезірек беру тетіктері қарастырлып жатыр. Кредиттері болса, төлеу мерзімі ұзартылады. Зардап шеккен шаруалар 8 мың гектарға жуық жерді игеріп отыр. Көп жылдық өсімдіктер, жүгері және қант қызылшасын өсірумен айналысады.

Еске сала кетейік, кеше облыста құрғақшылықтан зардап шеккен 6 ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінің басқарма басшысы:

Бүгінгі таңда тиісті мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе Премьер-министрдің жеке назарында тұр. Біздің мәліметінше күздің соңына дейін аяқталуы тиіс.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу