«Qazaqstan дауысы» мегажобасы биыл да Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan дауысы» мегажобасы биыл да Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі

22.08.2023

Көрермен көзайымына айналған «Qazaqstan дауысы» мегажобасы биыл да Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі. Қазір байқаудың екінші маусымы түсіріліп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көрмей таңдау» кезеңіне жолдама алған қатысушыларды іріктеу оңайға соқпады. 3,5 мыңдай өтінімнің ішінен 100-ден астам қатысушы жобаның «Көрмей таңдау» кезеңіне жолдама алған. Талантты жастардың арасында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Грузиядан келген азаматтар бар. «Qazaqstan дауысының» бұл маусымы тартысты болғалы тұр. Өнерпаздардың арасында өткен маусымның қатысушылары, жайдарманшылар тіпті вайнерлер де бар. Бағын сынауға келген отбасылық жұптар да табылады. Тәлімгерлер құрамында да өзгеріс бар. Мегажоба жуырда, күзгі маусымда эфирге жол тартады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу