Жастарға 2,5 пайызбен несие беру жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға 2,5 пайызбен несие беру жалғасуда

22.08.2023

Алматыда жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру жалғасуда. Наурыздан бері небәрі 120 адамның жобасы мақұлданыпты. Ал Үкіметтен бөлінген қаражат 1000 кәсіпкерге жетеді деп отыр мамандар.

21 мен 35 жас аралығындағы азаматтар 5 миллион теңгеге дейінгі несиені төлем қабілеттілігін растамай-ақ ала алады. Бастысы кепілге еліміздің кез келген өңіріндегі жылжымайтын мүлікті немесе жеңіл көліктен басқа ірі техниканы қоюы шарт. Айта кетейік, қатысушылар бизнес жобаларын бағдарламаның негізгі операторы - Аграрлық несие копрпорациясына өткізуі шарт. Әрі қарай ол комиссияның қарауына түседі.

Күләш Әділбекова, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы:

Барлық бағыттағы сауда-саттық, жүк көлігін алу - барлығы жатады. Тек алкогольдік, психотроптық өнімдерді сатпау керек,  сондай-ақ қаражат жөндеу жұмыстарына берілмейді. Бұған әсери, мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды. Қалған мұғалім, медбике, дәрігер сияқты бәрі-бәрі қатыса алады.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу