«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр

22.08.2023

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрттің таралуына жол бермеу шаралары жалғасуда.

Шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдар жеткізілуде.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі «Қазақстан» шахтасында өткен аптада өрт шығып, 5 кенші қаза тапты. Тағы 11 жұмысшы ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу