Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке тапсырма берді

18.08.2023

Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне тергеу жүргізу, зардап шеккендерге қажет көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Себебі жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Компанияның Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға да ықпал етеді.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу