Жүргізуші куәлігін алу үшін тесттің әр кезеңінде бейнетіркеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізуші куәлігін алу үшін тесттің әр кезеңінде бейнетіркеу жүргізіледі

14.08.2023

Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді. Агенттік ІІМ-мен бірге Халыққа қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жүргізді. Оған бірнеше жыл бойы көліктерді заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеудің жүргізілуі себеп болған. Мониторинг нәтижесі бойынша агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс жолдады. Олардың басым бөлігі қазір орындалған көрінеді. Айта кетейік, енді жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін алдымен биометриялық тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ тесттің барлық кезеңдерінде бейнетіркеу болады.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу