Ит пен мысығын чиптемеген азаматтар 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ит пен мысығын чиптемеген азаматтар 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін

11.08.2023

Ит пен мысығын чиптемеген азаматтар 10 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Яғни 34 500 теңге. Ал егер жағдай қайталанса айыппұл көлемі екі есе өседі дейді жауаптылар. Экология министрлігі үй жануарларын есепке алудың жолын түсіндірді.

Талғат Ердешев, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:

Есепке алу бұйымдары әртүрлі. Чип бар, ошейник бар, болюс деген бар. Оның бағасы әртүрлі. Ол нарық қой. Әр жануардың иесі өзі таңдап алуына болады. Қатып қалған баға жоқ ол. Трақты баға жоқ. Оны жергілікті атқарушы орган өзі айқындайды.

Осылайша азаматтардың ит пен мысығы электронды базаға қойылмақ. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жануары бюджет есебінен чиптеледі. Еске салайық бұған дейін ит пен мысықты міндетті түрде чиптеу керек екені айтылған.Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енбек. Есепке алуды мемлекеттік немесе жеке ветеринариялық ұйымдар жүргізеді.

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу