Шымкентте полицияның қызметтік көлігін заңсыз тізгіндеген азамат анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте полицияның қызметтік көлігін заңсыз тізгіндеген азамат анықталды

11.08.2023

Шымкентте полицияның қызметтік көлігін заңсыз тізгіндеген азамат анықталды. Ол қалалық полиция департаменті басқарма басшысының туысы болып шықты. Заңбұзушылық әрекеті үшін лауазымды тұлғаның үстінен хаттама толтырылды. Яғни, ол басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын бергені үшін жауапқа тартылады. Бұл дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті қызметтік тексерісті бастады.  

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу