Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға дейін өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға дейін өседі

07.08.2023


Қыркүйектен бастап балабақша педагогтерінің жалақысы 30 пайызға дейін өседі. Бұл жайлы Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді. Тәрбиешілердің жалақысы соңғы 4 жылда кезең-кезеңімен 25 пайызға дейін артқан. Енді жаңа оқу жылынан бастап 98 мың педагогтің еңбекақысы тағы 2,5 есе көтеріледі. Сонымен бірге, биыл 20 мыңнан аса тәрбиеші біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР ОАМ Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры:

Бұл арқылы саладағы кадр тапшылығы мәселесін жоямыз деп сенеміз.Сондай-ақ, балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай жаңа база құрылады. Бұл қызметтің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейін біршама азайтады.
Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу