Мемлекет басшысы Светлана Жақыпованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Светлана Жақыпованы қабылдады

07.08.2023

Мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады. Кездесу барысында Президент бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін айтты.

Светлана Жақыпова, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл:

Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстардың толық есебі берілді. Қола алынған жобалар жайлы баяндалды. Олардың барлығы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарына негізделген.


Хабарламаларға жазылу