«Қазақстан» телерадиокорпорациясының делегациясы Бейжіңдегі Халықаралық телерадио форум-көрмесіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының делегациясы Бейжіңдегі Халықаралық телерадио форум-көрмесіне қатысты

07.08.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының делегациясы Бейжіңде өтіп жатқан Халықаралық телерадио форум-көрмесіне қатысып жатыр. «Интеллектуалды хабар тарату, аудиовизуалдық құралдардың келешегі» деген тақырыпты арқау еткен ауқымды іс-шара 200-ден аса ірі масс-медиа өкілдерінің басын қосты.

«Қазақстан» корпорациясы - телевизиялық өнім өндіру бойынша отандық нарықта көшбасшы. Сондықтан әріптес-компаниялармен тәжірибе алмасуға дайын. Мысалы, соңғы жылдары кино-өнімдеріміз Түркия, Араб елдері, Ұлыбритания, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдеріне сатылды. АҚШ, Канада, Корея, Жапония, Австралия, Шығыс Еуропа мен Таиланд елдерінде таралатын интернет платформалар корпорация сериалдарын сатып ала бастады.

Илхам Ибрагимов «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Биыл «Бір жол-бір белдеу» іргелі бастамасының қолға алынғанына 10 жыл толып отыр екен. Телевидение мен интернет қатар дамыған бүгінгі күні өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу аса қажет дүниелердің бірі болып саналады. Бұл ретте «Қазақстан» республикалық телерадио корпораиясының бөлісер тәжірибесі де мол.

«Қазақстан» телерадиокоропорациясы осы форумның нәтижесінде қазақ өнімдерін Қытайда көрсету бойынша келіссөздерге қол жеткізді. 4 күндік іс-шара аясында қатысушылар аудиовизуалдық контент, технология, қауіпсіздік, инвестиция сияқты мәселелерді талқылайды. Масс-медиа саласын дамыту мен оның келешегі туралы ой-пікір алмасып, ұсыныстарымен бөліседі. Сонымен қатар түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылады.

Ұлнұр Нәбижан, «Шынжаң Хуа Ся" медиа компаниясының Бас директоры:

Осы жиналыста өздернің озық техникаларын, өндірген жақсы мазмұндарын, жақсы-жақсы жоспарларын алып кеп отыр. Сіздермен бірге бөліспекші. Әрі осы медиа, радио-телевизия саласын тіпті де жақсы дамытпақшы.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу