Қостанай жылқысының тұқымын көбейту үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай жылқысының тұқымын көбейту үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіледі

04.08.2023

Қостанай жылқысын сақтап, тұқымын көбейту үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Әділет министрлігінде өткен заң жобалау қызметі мәселелері бойынша арнайы комиссияның отырысында айтылды. Құжатқа енгізілетін өзгерістер спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтап қалуға басымдық береді. 

Заң бойынша қазір өнім беретін шаруашылықтарды қаржылай қолдау тетіктері бар. Ал бәйге, көкпар секілді ұлттық спорт түріне тартылған жылқыларды қолдау шаралары қарастырылмаған.

Амангелді Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Асыл тұқымды палатада 268-ақ бас жылқы тіркелген. Ол жоқтың қасы. Ертең қосымша қаражат талап етіледі. Сондықтан ертең есебін жасап, Қаржы министрлігіне береміз. Қолдау тапса, осы бағытта айналысып жатқан адамдарға қаржылай көмек береміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу