Грузияның Рача таулы аумағында лай көшкінінен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияның Рача таулы аумағында лай көшкінінен 6 адам қаза тапты

04.08.2023

Грузияның Рача таулы аумағында лай көшіп, 6 адам қаза тапты. Тағы 35-і жоғалып кеткен. Мұны осы елдің инфрақұрылым министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, ауылдарға 5 миллион текше метр батпақ жеткен. 

Рача - оңтүстіккавказдық республиканың солтүстік-батысында және Ресей шекарасына жақын орналасқан облыс. Бұл өңір көркем табиғатымен және минералды суымен әлемге әйгілі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүгінгі көшкін - Рачада 1991 жылдан бері болған ең үлкен табиғи апат болып тіркелді.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу